Перейти к содержимому страницы.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ПМПИ-дің үздік оқытушыларына төс белгілерін табыс етті

21.02.2017

2017 жылғы 17 ақпанда Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да «ЖОО үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық ЖОО оқытушыларына және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының бес ғалымына сертификаттар мен төс белгілерін табыс етті.

«ЖОО үздік оқытушысы» атағын иеленуімен  география және химия кафедрасының профессоры Шоманова Ж.К., кәсіптік оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры Смайлова Н.Т., математика және физика кафедрасының доценті, п.ғ.д. Алпысов А.К., орыс тілі және әдебиет кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.к Андрющенко О. К., жалпы биология кафедрасының доценті, б.ғ.к. Бүлекбаев Л.Т. шын жүректен құттықтап, толағай табыстар тілейміз!

">