26 қазан күні Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латын графикасына көшіру жолындағы тағы бір маңызды қадам - əліпбиді таңдау мəселесін шешті. Соған сәйкес халық арасында біршама жоғары қолдауға ие болған латын əліпбиінің соңғы нұсқасын бекіту туралы шешім қабылданды.
Осыған орай 27 қазан күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі жəне əдебиеті кафедрасының 3-курс студенттері аталған мəселе төңірегінде пікір алмасты. Шара барысында білім алушылар жаңа графиканың ерекшеліктерін атап, оның ағылшын, түрік тілдеріндегі əліпбилермен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылады. Студенттердің көпшілігі Елбасымыз бекіткен бұл нұсқаның жазуға да, оқуға да ыңғайлы екендігін атап өтті жəне болашақ мұғалімдер ретінде оқушыларды жаңа жазуға үйрету туралы пікірлерін де білдірді.