2017 жылдың 31 наурыз күні педагогика пәнінен педагогика кафедрасының аға оқытушысы Г.И. Жұмажанова мастер класс жүргізді. Дәріс тақырыбы: Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологиялар
Сабақ барысында қойылған мақсаттар орындалды. Дәріс сабағыңда барлық кезеңдері көрсетілді. Ол дегеніміз ұйымдастыру кезеңі, негізгі бөлім, бағалау және қортындылау. Сонымен қатар түрлі әдістер қолданылды: презентация, видеороликтер, мультимедиялық тақтамен жұмыс және т.б. Студенттерге тоқталатын болсақ, олар өздерінің белсенділіктерін көрсете білді, сонымен қатар бір-бірін мұқият тыңдап және әділ баға бере алды. Дәріс барысында келесі принциптер анық көрсетілді: саналылық, жүйелілік, теория мен практика байланысы, ғылымилық және көрнекілік. Дәрістің әр кезенінін кейін қарытынды жасалып отырды. Дәріс барлық әдістемелік және педагогикалық талаптарға сай жүргізілді.Дәріс сабағында студенттер педагогикалық технологияны өз мамандықтарына байланысты пайдалану жолдарын көрсетті.