16 наурыз 2017 жылы ПМПИ-да «Көктем аруы-2017» байқауы өткізілді.
Жалпы байқау таныстыру, викториналық сұрақтар, ұлттық тағамдар, өз өнерлерін көрсету және «Жаңа ғасыр - жаңа стиль» сияқты бірнеше бөлімдерден құралды.
Ару қыздар өз өнерлерін көрсетуде қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері нақышындағы киімдерімен, әсем әндермен, билерімен, тапқырлықтарымен, шеберліктерінмен, инабаттылықтары және көріктіліктермен көрермендерді тәнті етті.
Байқауға А. Махаббат (М-11), Ж.Б.Байгерей (ТД-21), Д.Е.Тәңірберген (ҚТӘ-11қ), К.Малышева (ГМ-11), Ф.Солтангожина (ӘПжӨ-21), Ж.Б.Пернебек (КО-11), А.О. Әбілдәбек (ШТА-11), З.М.Өміртай (МДОжТ-11), А.Б.Көпжасарова (ПжП) студенттері қатысты.
Көктем аруларына «Сымбатты ару», «Инабатты ару», «Аспаз шебер ару», «Ақылды ару», «Көрермендер көзайымы» номинацияларымен марапатталды.
Байқаудың қорытындысы бойынша: 1 орын З.М. Өміртай, 2 орын А. О. Әбілдәбек, 3 орын Ж.Б. Пернебек ие болды.
ПМПИ-ның «Көктем ару – 2017» Гран-при жүлдесі ПжП-11 топ студенті А.Б. Көпжасарова берілді.
Байқау сонында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар және номинацияларымен марапатталды.