Перейти к содержимому страницы.

«Әлеуметтік өзгерістер кезеңіндегі менің өлкем»

24.05.2017

Қазақстан және шетелдері тарихы кафедрасы жанында ұйымдастырылған, «Отан» студенттік ғылыми үйірме аясында өткізілген дөңгелек үстел дәл осылай аталды. Аталған іс-шара Мемлекет басшысының «Болашаққа қадам: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында аталған «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірден-бір қадамы.

Шараның мақсаты – «Туған жер» бағдарламасының мәнмәтініндегі ХХ ғасырдағы әлеуметтік өзгерістер кезеңіндегі өлкенің өзекті мәселелерін талқылау.

Іс-шараға кафедра оқытушылары, «Тарих», «Тарих-Дінтану» орыс-қазақ мамандықтарың 1-4 курс студенттері, «Отан» ғылыми үйірменің студент-мүшелері қатысты.

Кафедра меңгерушісі, доцент А.Е.Каримова алғы сөзінде мемлекет Басшысының «Болашаққа қадам: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының кейбір мәселелеріне тоқтап, аталған ғылыми шараның «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудң бірден-бір қадамы екенін атап кетті.

«Отан» студенттік ғылыми үйірменің жетекшісі А.М.Садыкова «Болашаққа қадам: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Туған жер» бағдарламаларының тарихи маңыздылығын көрсететін баяндамамен сөйледі. Ғылыми үйірменің мүшесі, 3 курс студенті М.Олжабаева «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы мүмкіндіктерге тоқтап кетті. Кафедра профессоры Г.Е.Өтепова аталған бағдарлама аясында туған өлкенің тарихын, мәдениетін оқытуға көп көңіл бөлінетіндігін атап, аудиторияны Павлодар Ертіс өңірінің тарихи деректерімен таныстырды. Іс-шараны студенттік ғылыми үйірменің мүшесі М.Анабаева сталиндік репрессиялар кезеңіндегі өлке тарихын қозғаған «Павлодар-Ертіс өңірі сталиндік репрессиялар кезінде» тақырыбындағы баяндамасымен аяқтады. Кафедра доценттері Б.Н.Абдрахманов, З.А.Сабданбекова, аға оқытушы Г.К.Ракишева өз ойларын айта отырып, туған өлкенің тарихын оқытудағы басты бағыттарға тоқтады. Дөңгелек үстел қатысушылары өз ойларын және ұсыныстарын айту мүмкіндіктеріне ие болды.

">