Перейти к содержимому страницы.

Оңтүстік аймақ басшыларының «Серпіндіктермен» кездесуі

19.05.2017

19 мамырда Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының коворкинг-жастар орталығына еліміздің оңтүстігінен келген аймақ басшыларының орынбасарлары ат басын бұрды. Ондағы мақсат «Серпін» бағдарламасы бойынша сол өңірден келіп ПМПИ-да білім алып жатқан  студент жастарымен кездесіп, қолдау көрсету. Келген қонақтарды ПМПИ ректоры Алтынбек Нұхұлының өзі алдымен жатақхананың барлық жатын бөлмелерін және  студенттер үшін арнайы жабдықталған жаттығу залы, кинозал, асбөлме, демалыс және кітап оқу және т.б бөлмелерін аралатып көрсетті. Заманауи жабдықталған жатақхананы көрген атқамінерлер таңданыстарын жасырмады. Бірінші боп сөзді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға берді. Ербол Әбілқайырұлы   өз жерлес студенттерінің қал-жағдайларын сұрай келе олардың мүмкіндігінше оқу бітіргеннен кейін Елбасының  «Оңтүстік пен Солтүстік тұрғындарын алмастыру» және «Көш-қон бағдарламасы» аясында осы Кереку өңірінде қалып, еңбек етіп, еліміздің әрі қарай дамуына өз үлестерін жүзеге асыру мүмкіндіктері бұл аймақта мол екенін айта кетті.  Сөздің жалғасын алған Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қуанышбек Досмаилұлы Искаков: ат үстінде жүріп осыншама жерді азат етіп, аманат қылған ата-бабамыздың ұлы даласын жатсынбай, жастар байтақ еліміздің кез-келген аймағында мамандық иесі болуға   тиісті екендіктеріне баса назар аударды. Айтылған пікір, тілектермен келісе отырып, студенттер өз кезегінде ПМПИ басшылығы мен әкімшілігіне білім алуға жасалған қолайлы жағдай, мол мүмкіндіктер үшін алғыстарын жаудырды. Сонымен қатар туған жердің ыстық сәлемін әкеліп жеткізген елағаларына студенттердің және институттың атынан Алтынбек Нухұлы ыстық ықыласын білдіріп, «қуыс үйден құр шықпайды» деген нақыл сөзбен ырымды сый-сияпат жасады.

">