Перейти к содержимому страницы.

Ашық сабақ

23.02.2017

2017 жылғы 22 ақпанда педагогика кафедрасының  доценті З.Ш.Шавалиева «Педагогика» пәнінен ШТА-11,13 тобында «Қазақстан тарихында мектептің тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы (XV-XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы кезеңі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Тәжірибе сабағы теориялық және әдістемелік жағынан оқытушының жоғары деңгейде дайындалғанымен және студенттерді үнемі белсендіру әдістерімен ерекшеленді. Сабақ барысында топтық жұмыс, таратпа материалдар, видео, жаңа технологиялардың элементтерін тәжірибелер, презентация қолданылды.

Шавалиева З.Ш. тәжірибе сабағында («Миға шабуыл», «Жан-жақты ойлау», «Блум таксономиясы») жаңа әдістер мен технологияларды пайдалану арқылы , студенттердің  тақырыпты қаншалықты меңгергені байқалды.

 Ашық сабаққа қатысқандар: педагогика кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Нұрмағамбетова Б.А., аға оқытушылар Таженова Г.Б., Жұмажанова Г.И., Мандаева А.Е., және Мусина Г.К. сабақ соңында талқылау жүргізіп жоғары әдістемелік деңгейде өткізілгенін, сонымен қатар ұсыныстарын білдіріп, сабақ жақсы әдістемелік деңгейде көрініс тапқанын атап өтті.

">