Перейти к содержимому страницы.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде Назарбаев Университеті жоғары мектеп өкілдерімен кездесу өтті

08.02.2018

Кездесуге студенттер, оқытушылар және университетіміздің кафедра меңгерушілерінің орынбасарлары қатысты.

Қонақтар магистратура мен PhD докторантурасының бағдарламаларымен  Назарбаев университетіне түсу мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Назарбаев университеті – Астанада Қазақстан Президентінің бастамасымен ашылған жоғары оқу орны. Университет 2010 жылдың қыркүйегінен бастап алғашқы студенттерін оқуға қабылдаған еді.

Университет білім берудің ұлттық жүйесі мен әлемдік ғылыми-білім беру тәжірибесіне үйлестіріп, Қазақстан білім беру жүйесінің ұлттық брендіне айналған.

Назарбаев университетінде 8 мектеп және 1 орталық оқытуды жүргізеді:

  1. Университеталды даярлық орталығы
  2. Инженерия мектебі (халықаралық серіктес— University College London),
  3. Ғылым және технологиялар мектебі
  4. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (халықаралық серіктес— University of Wisconsin-Madison),
  5. Жоғары бизнес мектебі (халықаралық серіктес— Fuqua Business School of Duke University),
  6. Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (халықаралық серіктес— Lee Kuan Yew School of Public Policy of the National University of Singapore),
  7. Жоғары білім беру мектебі (халықаралық серіктес— University of Pennsylvania, Cambridge University),
  8. Медицина мектебі (халықаралық серіктес— University of Pittsburgh),
  9. Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі (халықаралық серіктес— Colorado School of Mines).

Университет туралы толық ақпаратты  https://nu.edu.kz/  сайтынан ала аласыздар

">