Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ жастар диспут-форумына қатысып қайтты

24.04.2017

2017 жылғы 24 сәуірде «Қоғамдық келісім» медиация орталығының мәжіліс залында  Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам  Мұхаметрахымұлы Бегентаевтың төрағалық етуімен «Толерантты болу сәнді үлгі!» атты жастар диспут-форумы өтті.

Форум жұмысына Қазақстан халықтар ассамблеясының Павлодар өңірі бойынша төраға орынбасары С.Қ. Жетпісбаев, облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» медиация орталығының басшысы О.Л.Николашина, Павлодар қалалық сотының соты А.К. Түменбаева, Н.Б.Әбдікәрімов, «Нұр болашақ» жас көшбасшысы, «Жас медиатор» еріктілер  қозғалысының мүшесі И.Исмағамбетов, «Жас медиатор»  еріктілер қозғалысының фин-угор этно-мәдениорталығының атынан О.Николашин қатысты.

Форум төрағасы Елбасының «Мәңгілік Ел»  ұлттық идеясының халқымыздың тағдыры үшін айрықша орын алатынын, бұл құжат елімізді жаңа қырынан танытатынын және ол барлық жағынан алғанда, әлеуметтік- экономикалық, рухани дамудың кепілі екенін және бұл идея тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуда, еліміздің бейбіт жағдайда дамуына өзіндік үлес қосатынын айта кетті. Яғни медиация үлесі.

Медиация – адамды, оның құқығы және бостандығын сыйлауға, қоғамдық келісімді нығайтуға, әлеуметтік және басқа да қарама-қайшылықты, дау-дамайды,  шиеленісті шешуге бағытталған құрал. Залда  аймақтың жетекші жоо студенттері мен басшылары да қатысты. Кездесудің соңы құқықтық дауды реттеуге арналған медиация институтын (татуластыру рәсімі) дамыту өзара ынтымақтастық меморандумына қол қоюмен аяқталды.    Павлодар мемелекеттік педагогикалық институты да бітім жасасты.

">