Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ халықаралық дөңгелек үстел отырысына қатысты

21.02.2017

2017 жылғы 20 ақпанда новосібірлік саясаткерлердің қатысуымен «ЕАЭО елдеріндегі қоғам пікірі бойынша мониторнинг тәжірибесі» атты халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Инновациялық Еуразия университеті, «Сібір-Еуразия» эксперттік клубы, Сібір басқару институты – РФ Президентіндегі (Новосібір) РАНХиГС филиалы, «Еуразиялық мониторинг» аналитикалық зерттеу орталығы (Астана) дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары болды.

Бірлескен жобаны дамыту мақсатында қоғамдық пікір мониторингі аясында Ресей мен Қазақстан шекаралық аймақтарындағы эксперттік бірлестіктердің байланысын орнату халықаралық дөңгелек үстелдің мақсаттарының бірі болып табылады. Кездесу барысында Новосібірден келген қонақтар еуразиялық интерграцияның шекаралық аймақтағы қоғамдық пікірде қалай орнатылғаны жайлы сұрады. ПМПИ өкілдері, әлеуметтік ғылымдардың кандидаты Комаров О. Е. және Қазақстан халқы ассамблеясы мен еуразиялық интеграция орталығының директоры Франк Д.А. іс-шараның қатысушыларын Қазақстандағы аймақтық әлеуметтік зерттеулердің мәселері және міндеттері, ЕАЭО елдеріндегі қоғамдық пікірдің салыстырмалы зерттеудегі оңтайлықтарымен таныстырып өтті.

Кездесудің қатысушылары ғалымдардың бастамаларын, Еуразиялық экономикалық одақтағы елдердің эксперттік бірлестіктерін нығайтудағы маңыздылығын сөз етті. Себебі, қоғамдық пікір біздің мемлекеттеріміздің шынайы қызығушылықтарын, талғамын, сезімін, көңіл-күйін тікелей көрсете алады. Осының барлығы жас экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты дамуына ықпал етеді.

">