Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ халықаралық саясаткерлер мектебінің жұмысына қатысты

02.09.2016

24-27 тамыз күндері Алматы қаласында «Мемлекет және саяси үдерістерді басқару жүйесінің қоғамы: Қазақстан мен шетелдер тәжірибесі» атты саясаткерлердің ҮІІ халықаралық жазғы мектебі өтті.

Мектептің басты мақсаты – Қазақстандағы саяси білімді дамыту, саясаткер-мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру,  саяси партиялар мен ҮЕҰ-дың белсенділері және қоғамдағы сасясат ғылымының сараптамалығын нығайту мәселелерін қозғау болып табылды. Саясаткерлердің жазғы мектебі дәріс, семинар және тренингтер негізінде өтті.

Оның жұмысына Қазақстан мен шет мемлекеттердің ғалымдары қатысты. Дәріс барысында түрлі өзекті тақырыптар қозғалып, қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланыс мәселелері де сөз болды. Тәуелсіз сарапшы Заал Анджапаридзе билік пен азаматтық сектордың өзара байланысына Грузия тәжірбиесіне сүйене отырып анализ жасады. Өзбекстаннан келген қонақ,  «Билим карвони» («Караван знаний») мемлекеттік емес білім мекемесінің директоры Фархад Толипов мемлекет, қоғам, идеологияға өз көзқарасын «кеңестік синдром» ретінде  берді. Орталық Азиядағы Америка университеті  халықаралық және салыстырмалы саясаты департаментінің доценті Эмиль Джураев тыңдармандарды Қырғызстанның Конституциясының маңыздылығын тәуелсіз саяси талдаудағы өзінің соңғы көзқарасын білдіріп, Қырғызстандағы ішкі саясаттың заманауи сатыда дамып жатқандығын атады.

Сонымен бұл  мектеп ғалымдар мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған сарапшыларға отандық саясат өкілдерінің бағамдарын түсінуге мүмкіндік берді, сонымен қатар, алыс-жақын шетелдің байланысы мен таныстығын қоғамдық тәжірибеде қолдана білуге үйретті.

">