Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ-ге 55 жыл

15.03.2017

Еліміздегі ұстаздар ордасы саналатын Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына 55 жыл толды. 1962 жылдың 19 қыркүйегінде ашылған жоғарғы оқу орнынан бүгінде сан мыңдаған мұғалім үлкен өмірге қанат қақты. Осыған орай иститут қабырғасында мерекелік іс-шаралар өтіп, «ПМПИ қолжазбасы» атты экспозициялық мұражай ашылды. Шараға оқу орнының басшылығы, оқытушылар мен институттың алғашқы түлектері де қатысты.

55 жылдық тамырлы тарихы бар Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты - алғаш құрылған жылы  небәрі 4 аудитрияда 150 студентті оқытудан бастаған. Бүгінде  еліміздің іргелі оқу орнына айналған ПМПИ-де 4 мыңнан аса ізденуші білім алады. Осы кезге дейін 36 мыңнан аса түлекке қанат қақтырған институт -  еліміздегі ұстаздар даярлайтын таңдаулы оқу ордаларының бірі.  Заманауи бағытта білім беретін  ұстаздар ордасы биыл  Қазақстандағы  педагогикалық жоғарғы оқу орының үздік ондығында  2 орынға тұрақтады. Бұл да сапалы білім мен саналы тәрбиенің арқасында екені анық.  

ҚАЙРАТ ТЕКЖАНОВ, ПМПИ-дың оқу-әдістемелік жұмыс және жаңа технологиялар жөніндегі проректорының міндетін атқарушы

Мерекелік шара барысында институт тарихынан сыр шеретін «ПМПИ қолжазбасы» атты экспозициялық мұражай орталығы ашылды. Салтанаты түрде лентасы қиылған мұржайда оқу орнының 1962 жылдан осы күнге дейінгі  жеткен жетістіктері мен өмір баспалдағынан жүріп өткен тұлғалар туралы толымды мағлұмат берілген. Сондай-ақ, ПМПИ-дың 55 жылдығына арналған  фото-галлерия да көпшілікке жол тартты.  Ал осынау  шараны тамашалуаға институттың  алғашқы түлектері  арнайы келіпті. Олардың сөзінше, кешегі институт пен бүгінгі инститтутың арасы жер мен көктей.

ГҮЛБАРАМ НАУРЫЗБАЕВА, ПМПИ-дың 1975 жылғы түлегі

Иә, ПМПИ-дің бүгінде Ертіс Баян өлкесі үшін орны ерекше. Өйткені, бұл оқу орнынан елдің бетке ұстар азаматары, ел басқарған лауазымды тұлғалар мен сан саланың майталмандары шыққан болатын. Бұл сабақтастық одан әрі де жалғаса берері сөзсіз.