Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ жас ғалымдар кеңесі Мемлекет Басшысының Жолдауын талқылады

25.01.2018

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде жас ғалымдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібінде қарастырылған негізгі мәселе – ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Халқына Жолдауының негізгі тұстарын талқылады.

Талқылау шарасына жастар ғалымдар Кеңесінің төрағасы, философия ғылымдарының докторы Нұрболат Алпысбай және төраға орынбасары, филология магистрі Елдана Асанбаева, жас ғалымдар кеңесінің мүшелері, яғни М.О.Әуезов атындағы мемлекеттік премия иегері, Бірінші Президент қоры Премиясының иегері, «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері Арман Ахметов, Margulan Centre орталығының ғылыми қызметкері Еңлік Абеуова, мұражай кешенінің директоры Жарқын Қабдолов және ЖОО-ның басқа да жас ғалымдары болды.

ПМПУ ғылым департаментінің директоры Айгүл Садықованың айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің дамуын анықтайтын ең басты бағдарламалық құжат болып табылады. ЖОО жас ғалымдары Арман Ахметов пен Еңлік Кабыкеновна ғылымның дамуына қарқын беретін ғылыми-зерттеу, өндірістік-технологиялық ортаға жастарды біріктіретін, қажет инновациондық-технологиялық базаны құрастыруға аса көңіл бөлінетін «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші пунктіне баса көңіл аударды. ЖОО ғылымының дамуы шеңберінде ғылыми гранттар аясында жас ғалымдарға квота бөлу мәселесі өзекті болып келеді. Экономика саласының жеке саласы ретінде қарастырылатын білім беру тармағы инвестициялық жобаларымен және экспорттық әлеуетімен ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерциялауға, білім беру және ғылыми-зерттеу саласына инновациялық технологияларды енгізуде септігін тигізеді.

">