Перейти к содержимому страницы.

Әскери даңқ мұражайына бару

22.05.2017

«Тарих» мамандығының студенттері оқытушылармен және кураторлыра – Г.Ж.Курмангазина мен Г.К.Ракишевамен әскери даңқ мұражайына барды.

Мұражай 2011 жылы құрылған, Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы павлодар облысының филиалы болып келеді. «Туған жер» бағдарламасы аясында мұражайға бару – білімдік және тәрбиелік мәнге ие. Студенттер туған өлкенің тарихына қосылуға мүмкіндік алды.

Солдаттың көзімен соғысты көру, оны сезіну, оған деген қадамды шынайы жәдігерлер арқылы жасауға болады: қару, фотолар, медальдар мен ордендер, ҰОС қатысушыларының жеке құжаттары мен хаттары. Соғыс кезінің солдаттар жәдігерлерінен басқа мұражайда кеңес уақытының тарих беттері де бар: солдаттарымыздың ауған соғысына қатысуы және Чернобыль апаты салдарының алдын алу.

">