Перейти к содержимому страницы.

Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері туралы

26.04.2017

2017 жылдың 13-14 сәуірі аралығында Қарағанды қаласында

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің 5В010200 - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша IX Республикалық пәндік олимпиада өтті.

п.ғ.к., профессор: М.А.Кененбаева., п.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Ш.Тлеулесова., аға оқытушы А.О.Абдырованың жетекшілік етуімен БОПжӘ-31 тобының студенттері Қ. Әмірбекова, Т.Досалы, К. Жунусбаева, С.Кыстаубай қатысқан.

Пәндік олимпиада  да жеке сынақтан ІІ дәрежелі диплом мен сертификаттар және КарМУ ректорының алғыс хаты табыс етілді.

«Педагогика», «Математиканы оқыту әдістемесі», «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәндерінен білімді тестілеу нәтижесі бойынша дара сайыста  студент Қ.Әмірбековаға ҚР Білім және ғылым министрлігінің ІІ дәрежелі диплом ұсынылды. Топтың студенттері «Ұшқыр ой» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Жүлдегерлерді құттықтаймыз! 

">