Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ ректоры Алтынбек Нухұлының Баянауыл орта мектебіндегі кездесуі

06.03.2017

Аталмыш институт ректоры мен оқытушылары аудан орталағында орналасқан  Ш.Айманов атындағы орта мектеп-интернаттың жоғары сынып оқушыларымен кездесуінің мақсаты 10-11 сынып оқушылары арасында  кәсіби бағдар беру.

Ректор, профессор  Алтынбек Нұхұлы «ПМПИ: даму келешегі, институттың ерекшелігі және бүгінгі күні педагог  мамандығының аса қажеттілігін  ескеріп болашақ студенттерге түсіндірсе, жоо оқытушылары Павлодар мемелекеттік  педагогикалық институтының ең сұранысқа ие  мамандығы , білім деңгейі, академиялық ұтқырлығы, құжат тапсыру ережелері жайлы толық ақпарат берді.

Экономика, құқық және философия  кафедрасының меңгерушісі С.Т.Иқсатова  мен  анатомия, жаратылыстану және дефектология кафедрасының доценті Б.Б. Габдулхаева №1 Майқайың орта мектебінде «ПМПИ және  оқу мамандықтары бойынша презентация өткізіп, ҰБТ тапсырудың жаңа үлгісі және жоо-на түсудің жаңа ережелерімен таныстырды.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық  және жұмыспен қамтамасыз ету орталығының директоры Г.М. Мусанова тарих және филология факультетінің деканы К.М.Текжанов, математика және жаратылыстану- М.Ш.Алинова мектептің түлектерін ҰБТ -ң жаңа үлгісі және жоо-на  түсу ережесімен таныстырып ауқымды ақпарат берді. 

Айта кететіні, мектеп түлектері өздерін толғандыратын басты сұрақтарға толық жауап алды.

 Соның бірі С.Торайғыров орта мектебінің 11-ші сынып оқушысы Сансызбай Нығмет: 

«Енді мен мамандық таңдауда өз шешімімді қабылдадым, география және тарих маманы бойынша білім алғым келеді, қазір үлкен дайындық үстіндемін, ПМПИ-на  түсу жоспарымда, мақсатым әрі қарай да білім қуу».

Оқушылармен кездесудің жалғасы Баянаул ауданының ұстаздар қоғамымен болды. Бұнда жоо ректоры Алтынбек Нұхұлы  мен педагогика және спорт факультетінің деканы Айгерім Нұрғалиева білім жүйесіндегі өзгерістер, ПМПИ-ың ғылыми-орталығының қызметі  туралы мағлұмат берді.  

 Ал мектеп әкімдігі ПМПИ өкілдерін оқушыларға мамандық таңдауда көмекке келгендері үшін алғыстарын білдірді.

">