Перейти к содержимому страницы.

Ұтымды да қызықты семинар

15.03.2017

15 наурызда ПМПИ-дің математика және физика кафедрасында академиялық ұтқырлық бойынша семинар болып өтті, онда 1-3 курс студенттері, оқытушылар мен жоо қызметкерлері болды. Семинарда Каунас (Литва) қаласындағы Витаутас Магнус университетінде бір семестр білім алған Зафарбек Ұсарбек пен Кәмшат Бексейіт баяндама жасады. Олар шетел жоо-дағы  тәртіп пен сабақ үлгілерінен алған әсерлерімен бөлісті. Студент Рината Гильмутдинова да Омск мемлекеттік педагогикалық институтындағы (Ресей) академиялық ұтқырлық бойынша алған тәжірибесі  жайлы айтып берді.

Бүгінде институтымызда академиялық ұтқырлық бойынша оқып жүрген Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 3-курс студенттері Арай Байтұрсынова, Бақдаулет Омар өздерінің білім ордалары жайлы презентация дайындап, біздің студенттерді Тараз қаласында білім алуға шақырды.

Студенттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеп, аталмыш ұтқырлықтың қыр-сырын айтып берді.

Сонымен қатар, қатысушылар халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламалары және оның қаржыландыру түрлері, бағдарламаларға қатысты құжаттарды жинау бойынша кеңестер алды. Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Кәрімов Д.С. студенттердің сауалдарына жауап берді.

">