Перейти к содержимому страницы.

Мемлекеттік қызмет стиліндегі жастар көшбасшылық мектебі

25.08.2016

ПМПИ Студенттік Үкіметінің белсенділері Наргиз Нұрұмхан және Гүлнар Құрманғазина мемлекеттік қызмет стиліндегі жастар көшбасшы мектебінің жұмысына қатысты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы 2016 жылдың маңызды іс-шараларының бірі. Мерейтой аясында көптеген ауқымды шаралар өткізілуде, оның басым көпшілігі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытына арналды.

Елбасымыздың сыңдарлы саясатының арқасында бүгінде жастарымызға жағдай жасалып, барлық бағытта дамуға зор мүмкіндік туып отыр. Мәселен, шығармашылық, спорт, өнер салаларында жастар үлкен жетістіктерге жетіп, жағымды идеялар мен жобалар дамытуда.

Жастар көшбасшылық мектебі үшін осындай жобалардың бірін Павлодар облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен жастарды дамыту орталығы өткізеді.  Бес жылда жоба іргелі болып, ЖКМ-ге қатысу – бұл жастардың өзекті мәселелерін талқылайтын алаңда кездесу мүмкіндігі. 

Мемлекеттік қызметті насихаттау мақсатында биылғы жылы ұйымдастырушылар мемлекеттік қызмет құрылымдарының жұмысы туралы бағдарлама жасады.

17-20 тамыз күндері Павлодар облыстық жастар ресурстары орталығының директоры, жастар клубтық бірлестіктерінің мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдар, белсенді студенттер, жастар саласында қызмет етуші жастар Шарбақты ауданындағы «Лесная сказка» демалыс үйінде  кездесті.

Барлық шаралардың қорытындысы бойынша есептік кездесуде түрлі жарыстардың жеңімпаздары анықталды. Бірінші орын мен кубокті ішкі саясат басқармасы мен ЖКМ-інің идеологтары жеңіп алды.

">