Перейти к содержимому страницы.

Стартап қандай екен?

23.02.2018

ПМПУ педагогика және спорт факультетінде жас кәсіпкерлер мен стартапшыларды дамыту бойынша ғылым департаментінің өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуді ПМПУ коммерциялау және кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Елнар Утюбаев және осы бөлімнің сарапшысы Қабылбек Омаров өткізді. Ғылым департаментінің өкілдері Павлодар облысында іске асқан табысты студенттік стартаптар туралы айтып берді.

Студенттер жаңа коомерциялық жобаның сәтті дамуынан кейінгі пайда алынатын стартап бизнесті жүргізудің моделі мүмкіндіктері туралы ақпаратты тыңдап, қызығушылық танытты. Кездесу кезінде оқумен бірге қатар бизнспен айналысу, қаржыландыру көздері, түрлі стартап жобаларда қатысуға мүмкіндік беретін өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.

Сондай-ақ, студенттер әр ашылған коммерциялық жобаны стартап дауге келмейтіні туралы да білді. Осы анықтамаға кейбір дамып келе жатқан бизнес жобаларды жатқызуға болады. Классикалық стартаптарға тән қкасиет – бірегей (оригиналды, эксклюзивті) ой және нағыз стартап белгілі крммерциялық жобаларға еліктемейді, керісінше жаңашылдықты ашады.

- Инновационды ойлауға тырысыңыздар. Осы жайтты құр арман деп ойламаңыздар: нағыз мәселелерге жаңа ойларды арттырыңыздар. Нақты және шығармашылық ойлар өздіктерінен пайда бола бермейді, оларды күнделікті тәжірибемен ынталандыру қажет, - деді Елнар Утюбаев.

">