Перейти к содержимому страницы.

Студенттік фото-байқау

24.03.2017

Педагогика және спорт факультетінің аға-оқытушысы Нұрымов Бауыржан Абылайұлы тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі басқармамен бірге жыл сайын институт қабырғасында студенттерге арналған шығармашылық жұмыстарға негізделген фото-байқауларды өткізеді.

Байқау 2017 жылдың 15 наурызында өткізілді. Биыл аталмыш фото-байқау ПМПИ-дің 55-жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Айта кететін жайт, қатысушылар саны жыл сайын артуда. Байқауға келесі бағыттар бойынша 230 шығармашылық жұмыстар қабылданды: «Институтымдағы оқу күндерім», «Студенттік өмірдің қызықты сәттері», «Менің спорттық өмірім», «Табиғатпен бірге», «Менің қызығушылықтарым».

Фото-байқаудың қорытындысы ойынша әділ қазылар келесі жеңімпаздарды белгіледі:

Номинациялар бойынша бірінші орынға ие болғандар: «Күз» - МТ-11 тобының студенті Құсайынов Ерлан, «Жағажайда серуендеу» - Джамекова Карина, Д-22 тобы; «Паганини. Мен және музыка» - Ван Джина, МО-22 тобының студенті; «Студенттердің әскери дайындықтары» - Камит Еркебала, СПиС-11 тобы; «Хи-Хи and Ха-Ха » - Сүйіншәлиев Асхат, ИШ-12 тобы;

Сонымен қатар, шығармашылықтарымен ерекшеленген студенттер қатарында: «Наурызға қарсы ас-шай» - Калиева Зарина, Д-22 тобының студенті; «Балаларға мейірім сыйла» - Жітен Анара, Д-22 тобы; «Демалыс қашан да спорт» - Кривенко Ирина, ФКиС-22 тобы; «Физкультсәлем» - Ақанова Арнагуль, СПиС-11 тобы; «Менің сүйікті 5-ші ғимаратым» - Типилич Ирина, Д-22 тобы;

Дәстүрлі фото-байқауға қатысқан ПМПИ студенттерін белсенділік танытып, қатысқандары үшін алғыс білдіреміз.

   

">