Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ студенті Франциядағы әлем чемпионатынан қола медальға ие болды

05.09.2016

2016 жылғы 4 қыркүйек күні Маконе қаласында (Франция) жасөспірімдер арасында еркін күрестен әлем чемпионаты аяқталды. Әлем чемпионаты жасөспірімдер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі түрлері бойынша өтті. Сегіз медаль ойнатылды. Әлемдік додаға 50, 55, 60, 66, 74, 84, 96 және 120 келі салмақ категориясындағылар қатысып, бақ сынады.

Қазақстанның жастар құрамасында 50 келі салмақта Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының екінші курс студенті Ербұлан Сарқытпаев күш сынады. Бапкері – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Жанат Усин.

Бәсекелестік күресте Ербұлан қола медальді иеленіп, Қазақстанға жүлдемен оралды.

   

">