Перейти к содержимому страницы.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде білім алу

13.03.2017

Бүгінде кез келген адам шетелде қысқа немесе ұзақ мерзімді білім алып, жұмыс істей алады. Ол үшін шет тілі білімі мен ниет болса жеткілікті. Әрине, тілді жақсырақ меңгерген адамның шетелде қалаған ісімен айналыса алуына мүмкіндігі жоғары екені сөзсіз. Бағдарлама тек Қазақстандық студенттерге ғана емес, сонымен қатар басқа да ТМД елдерінің студенттеріне шетелде білім алуға мүмкіндік береді.  Сондай-ақ, бүкіл Европа елін саяхаттауға болады. Қазірде біз Литва елінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Витаутас Магнус университетінде білімімізді ұштаудамыз. Жоғары оқу орны Европа, Азия, АҚШ-тағы  73 жоғары оқу орындарымен келісім жүргізген. Осы елдермен жыл сайын студент алмастырып, білімдерін шыңдап отырады.

Литва-Европаның ерекше, қонақжай мекені, білім беру жүйесі еуропалық талаптарға негізделген деуге болады. Халқының басым бөлігі литва тілінде, жастары ағылшын, егде жастағылары орыс тілін меңгерген. Ал білім беру ағылшын тілінде жүргізіледі. Әрине мұнда оқу қиын, бірақ келгелі ұққанымыз алдыңа мақсат қойып, жетістікке жете білу. Біздің мақсатымыз бір, ол-шет тілін жеткілікті меңгеріп, өз мамандығымыз бойынша тәжірибе  алмасып, елімізге оралу. Мұнда білім беру ерекшеліктерін атап көрсетуге болады. Мысалы, оқу орнында лекциялар емін-еркін жүргізіледі, студенттердің бару-бармауы өз еркінде. Көбіне лабораториялық зерттеу жұмыстарына назар аударылады. Тағы айта кетерлік жайт,  университет студенттерге 24 шет тілін меңгеруге мүмкіндік береді. Яғни, білім беру жоспары біздің елімізге қарағанда біршама күрделірек болса да, біз өзіміз білім алып жатқан Павлодардағы ПМПИ білім ордамызды мақтанышпен айтуға болады. Себебі сонда алған біліміміздің арқасында осы жетістікке жетіп, Литвада білім алудамыз. Қорытындылай келе, мұндай мүмкіндік кез-келген баланың басына келе бермейтін бақ деп білемін. Сол үшін  өз институтымның осындай мүмкіндік беріп, жастарды қолдап отырғанына алғысым шексіз!

                                                                                    Рахманова Ақерке  БШ-21

 

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Академиялық ұтқырлық бағдарламасын енгізіп, жоғары оқу орнында оқитын білімгерлер мен оқытушыларға Қазақстанның əр түрлі қалалары мен алыс - жақын шет елдерге барып білім алып, тəжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік беріп отыр. Бағдарламаның мақсаты озық технологиялармен жабдықталған, заманауи білім жүйесіне көшкен мемлекеттермен тығыз қарым - қатынас орнатып, шет елдерден алып келген тəжірибемен бөлісіп, еліміздегі мектептер мен жоғары оқу орындарындағы білімді заман талабына сай жүйеге көшіруді көздеп отыр. Міне, мен де осы бағдарлама бойынша Балтық теңізі жағалауындағы мемлекеттердің бірінде білім алып жатырмын. Менің аты-жөнім Ескермесова Ақмаржан Нүркенқызы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында биология мамандығы бойынша 2 курс білімгерімін. 2016-2017 оқу жылының көктемгі семестрінде Литва мемлекеті Каунас қаласындағы Витаутас Магнус университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатырмын. Осы аз ғана уақыттың ішінде литвалықтардың дәстүрімен, мәдениетімен таныстым. Білім беру жүйесіне тоқталар болсам, бұл жақта дәріске қатысу, 1-2 курстарда білімгерлерге еркіндік берілген. Зертханалары заманауи техникалармен жабдықталған. ПМПИ үмітін ақтап, еліміздің білім беру жүйесіне елеулі үлес қосамын деген сенімдемін.

">