Перейти к содержимому страницы.

Студенттер жаңғыру бағдарламасын талқылады

22.05.2017

2017 жылғы 22 мамырында ПМПИ педагогика және спорт факультетінің 1-3 курс студенттері ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа қадам: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады. «Педагогикалық білім саласының рухани жаңғырудағы рөлі» тақырыбындағы баяндамамен факультет деканы Ә.К.Нұрғалиева сөйледі.

Біздің көшбасшымыз қоғам негізінің берік іргетасын қозғайтын ұлттың рухани жаңғыруының басталып кеткенін жариялады. Еліміз бен ұлттың рухани жаңғыруы – ортақ іс. Әлемдегі бүгінгі күнгі жағдай бізді прагматик және реалист болуға міндеттейді. Болашақтағы жаңғыру жоғары біліммен қамтамасыз етілуі тиіс. Педагог ретінде Әйгерім Қажымұратқызы жастарға қазіргі Қазақстанның рухани құндылықтары бейнеленген Президенттің бағдарламалық мақаласын зерделеуге кеңес берді.

">