Перейти к содержимому страницы.

Омбыдан жеңіспен оралды

09.02.2017

ПМПИ-дің «Бейнелеу өнері» мамандығы бойынша оқитын студенттері Новосельцева Дарья және Дамир Құсайынов Омбы қаласында өткен «Қала, аймақ және олардың қырлары» атты VI Бүкілресейлік студенттік шығармашылық-байқауда өз бақтарын сынады.

Заманауи қаланың визуалдық, эмоционалдық, рухани-интеллектуалдық ырғағын зерттеу, жастардың шығармашылық әлеуеттерін дамыту, туған жеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру, студент жастардың визуалды-эстетикалық талғамдарын кеңейту, бейнелеу өнері және дизайн саласындағы білікті мамандардың тәжірибемен бөлісуі байқаудың негізгі мақсаттары болып табылады.

Студенттердің еңбектерін бағалайтын байқау келесі номинациялар бойынша жүргізілді: графика, көркем сурет, композиция, мүсін, жобалық графика.

ПМПИ студенттері «Қаланың ырғағы. Уақыттың ырғағы» тақырыбында өздерінің көркемөнер жобаларын ұсынды. Қалалық өркениеттің пайда болуымен қатар, қала тақырыбы да өзекті мәселе айналды. Кез келген мәдени дәуірге байланысты қала біресе жаңарып, біресе сәнге айналып, неше түрлі өзгерістерге ұшырап отырды. Заманауи қаланың болмысы, үлкен және шағын қалалардың өзара айырмашылықтары, қаладағы заманауи және тарихи құрылыстардың ұштасуы баршаны толғандыратын мәселердің бірі.

Байқаудың қорытындысы бойынша, Құсайынов Дамир бірінші деңгейдегі дипломмен, ал Новосельцева Дария «Монотипия зертханасы» номинациясында екінші деңгейдегі дипломмен марапатталды.

Студенттеріміздің жеңісі құтты болсын! Алдағы уақытта белестерді бағындыруларына әрдайым тілектеспіз!

">