Перейти к содержимому страницы.

Студенттер көркемөнер мұражайына барды

22.05.2017

«Тарих» және «Тарих-Дінтану» мамандықтарының студенттері Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болшашаққа қадам: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру барысында Павлодар облыстық көркемөнер мұражайына барды.

Мұражайға бару тәрбиелік және білімділік мәнге ие.

Студенттер 1920-80 жылдардағы кеңестік кезеңнің бүкіл көркем шығармашылығы жиналған мұражай көрмесімен танысты: Н.Хлудов, Ә.Қастеев, Н.Соловьев, С.Калмыков, Г.Исмаилова, С.Мамбеев, С.Романов, К.Тельжанов, А.Черкасский және  жұмыстары. 1920-30 жылдардағы суретшілердің, 1950-60 жылдардағы мәскеулік авангардтың, 1970-80 жылдардағы шеберлердің жұмыстары мұражайда ерекше орын алған. Мұражай экспозициясында ұлттық кілемдер (текемет, алаша, сырмақтар), танадан, күмістен жасалған қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары, ағаш пен теріден жасалған бұйымдар көрсетілген.

Экскурсия барысында студенттер сұрақтар қойып, пікір бөлісу мүмкіндіктеріне ие болды.

">