Перейти к содержимому страницы.

Тәжірибемен біріктірген семинар

23.02.2018

«Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ-де «Білім беру үдерісінің сапасын арттыру негізінде арнайы білім беру ұйымдары жас мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» облыстық семинары өтті.  Семинарға ПМПУ анатомия, физиология және дефектология кафедрасының меңгерушісі Т.Кенжебаева қатысты.

Семинарда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бастығы Г.К.Курманова қонақтарды педагогикалық шеберлікпен – ересектерді оқытудың инновациондық формасы және «SWOT мүмкіндіктері – жас маманның кәсіби құзыреттілігін өсірудің бағасы мен анализі» практикумын өткізді.

Әрі қарай мектеп-интернаттың жас мамандары мен мұғалімдері ашық сабақтар, түзету сабақтарын және тәрбие сағаттарын өткізді. Педагогикалық шеберліктің жұмысы кезінде биология және математикадан біріктірілген сабақ, сонымен бірге жобалық қызмет бойынша тәрбие жұмысының тәжірибесі көрсетілді.

Іс-шараны сертификаттарды табыстаумен және мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерінен «Королевский бал» мюзиклімен аяқталды.

">