Перейти к содержимому страницы.

Биле, ПМПИ!

21.02.2017

2017 жылдың 17 ақпан күні  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының №5 оқу ғимаратының мәжіліс залында  «Биле, ПМПИ» атты «Street dance» түрінде би жарысы өтті.

Сайыс Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 55 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты – студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану, өнерге баулу. Шараның бас ұйымдастырушысы ПМПИ студенттік кәсіподағы және белсендісі -  Әніс Шора. Демеушісі - «GADGET» ұялы телефондарды жөндеу орталығы. Сайысқа бес топ қатысты. Сайыс шарты бойынша былтырғы «Биле, пмпи» сайысының жеңімпаздары бір-бір топтан өз жетекшілігіне алды. Кеш жүргізушісі ҚТОӘ-21 тобының студенті Шалхар Әлімжан болды. Әділ-қазы алқалары құрамында  «Just fly crew» би мектебінің хореографы Абишев Данияр, Павлодар облысындағы «GADGET» ұялы телефондардың аксессуарларын сататын және ұялы телефондарды жөндеу орталығының шебері Қуандық Дастан және сайыс ұйымдастырушысы Әніс Шора болды. Сайыс өте қызу өтті. Барлық топтардың дайындығы жоғары деңгейде болды. Әйтсе де жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталды. Әділ-қазылар алқасы шешімдері шыққанша,Теміртас Айзар өзінің әуезді әнін сыйлады.  Сайыс қорытындысы бойынша, 3-ші орынды Ахметова Алия жеткшілік еткен «Flame» тобы иеленсе, 2-ші орынды Қызайбай Аида құрған «Everest» тобы алды. Байжігіт Назеркенің жетекшілігімен құрылған «We are one» тобы жеңімпаз атанды. Студенттік кәсіподақ атынан 1-ші орынға 5000, 2-ші орынға 3000, 3-ші орынға 2000 теңге көлемінде ақшалай сыйлақтар берілді. Номинация иегерлеріне флешка мен құлаққаптар тарту етілді. Топ жетекшілеріне  «GADGET» ұялы телефондарын жөндеу орталығынан 5000, 3000 ,2000 теңге көлемінде сертификаттар берілді.  

 

">