Перейти к содержимому страницы.

Биологтардың оқу-дала практикасы

27.06.2017

Әр биолог микроскоппен және зертханалық жұмыс істеуден басқа да дала жағдайында табиғатты тануы тиіс!

Дәл осы дала жағдайында биолог қалыптаса алады. Оқу-дала практикасы флора мен фаунаны тануға үлкен мүмкіндік береді. Тірі табиғатты бақылау институтта алған теориялық білімді дамытуға септігін тигізеді.

2017 жылы биологтардың практикасы маусымның ортасында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аймағында (Біржанкөл көлі) өтті. 63 студент қатысқан практиканы жалпы биология кафедрасы ұйымдастырып өткізді.

Практика барысында студенттер аймақтың флорасы мен фаунасы туралы білімдерін кеңейтті, коллекция үшін ботаникалық және зоологиялық материалды жинаудың тәсілін меңгерді, қызықты экскурсияларға қатысты.

Оқу бағдарламасынан басқа да тәжірибеші-студенттер көбін өздері ұйымдастырған мәдени конкустарға қатысты.

Дала практикасы білімді мен дағдыларды кеңейтті, ұжымды біріктіріп, сергектік пен оптимизм сыйлады.

Павлодарға оралысымен, оқу-дала практикасы бойынша қорытынды конференция өтті. Конференцияда студенттер өз қызметінің нәтижелерін келтірді, аймақтың флорасы мен фаунасы бойынша емтихан тапсырып, алған оң әсерлерімен бөлісті.

 

">