Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ ғалымдары «Экспедиция-25» қатысушыларымен кездесті

08.09.2016

ПМПИ-дің Қазақстан және шетелдер  тарихы кафедрасының профессоры Гүльфира Өтепова Павлодарда 2016 жылғы  2-5 қыркүйек күндері болған республикалық «Экспедиция-25» қатысушыларымен кездесті.

Экспедиция ҚР Ақпарат министрлігінің мұрындық болуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтіп жатқан он жобаның негізінде өтті. Экспедицияның басты мақсаты – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз Отанының тарихына, мәдениетіне баулу. Профессор Г.Е.Өтепова «Экспедиции-25» қатысушыларын қонақжай әсем Павлодармен таныстырып, тарихи, мәдени орындарды аралатты. Жалпы биология кафедрасының доценті В.Н.Алиясовамен бірлесе отырып, «Аққу ұшқанда» («Гусиный перелет») палеонтологиялық табиғи ескерткішін көрсетті.

">