Перейти к содержимому страницы.

Атына заты сай ер басшы

09.03.2017

Адуынды ақпаннан аман-есен шығар шақ дүниенің тең жартысында аталып өтетін «Халықаралық әйелдер күніне» сәйкес келетіні әрқашан көңілге қуаныш сыйлайды. Соған орай Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Алтынбек Нұхұлы бастатқан ұжымның ер-азаматтары осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, өз нәзікжанды әріптестеріне мерекелік көңіл-күй сыйлап еңселерін бір көтеріп тастады. ПМПИ басты ғимаратының үлкен залы лық тола әйелдер қауымы кейбір күтпеген жағымды тосынсыйларға ие болды. Мерекелік концерттік бағдарламасын елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бейнеқұттықтауын институт ректоры Алтынбек Нұхұлы жалғастырды. Құттықтаудың соңында  қара шаңырақ иесі жиналған жұртты қазақтың қара домбырасымен ән салып, Мұқағали Макатаевтың және өз  жүрегінен шыққан құттықтау өлеңімен тәнті етіп,   аса көрегендігімен, қарапайымдылығымен таң қалдыра тамсандырды. Келесіде жылдағыдай оқытушы профессорлар қауымын ректордың марапаттау рәсімі және  алдын ала жарияланған «Ана» тақырыбы байқауы қатысушыларының барлығына кәсіподақ тарапынан сыйлықтар табысталды. Ерлердің әртістік, әншілік шеберлігін айтпағанда олардың сахнада көрсеткен әйелдер киімдерінің сән үлгілері нөмірін көрермендер ыстық ықыласпен қабылдады. Концерттік бағдарламаның әдемі нүктесін  ректор бастатқан ерлер хорының орындауындағы Ш.Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әні көмкеріп, үлкен мерекелік мол дастархан жайылды.    

">