Перейти к содержимому страницы.

«Студенттік футзал лигасы» өз жұмысын бастады

13.02.2017

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында алғаш рет «Студенттік футзал лигасы» ашылды. Аталмыш сайысқа қатысуға 16 команда ниет білдірсе, жүзден астам студент-жастар өз уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік алды. Алдағы үш айда жарыс қатысушылары өзара бақ сынасып, ең үздігін анықтайтын болады.

Жарыстың ұйымдастырушылары тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі басқарма мен жастар ісі комитеті студенттік лиганың оңтайлы нәтиже беретініне сенеді. Сонымен қатар, футзалдың (шағын футбол) ашылуы спортпен шұғылдануға ниет білдірушілердің санын арттыратыны сөзсіз.

Футзал (шағын футбол) 1930 жылы Монтевидео (Уругвай) алғаш рет пайда болған. Қазіргі таңда аса танымал ойындардың бірі болып табылады.

Әлі де көрермендердің назарына ілігетін тартысты ойынға баршаңызды шақырамыз!

">