Перейти к содержимому страницы.

Шет тілдері кафедрасы ПМПИ ардагерлерін қонақ етті

26.05.2017

ПМПИ-дің 55 жылдық мерейтойын тойлву қарсаңында шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Кенжетаева Гүлзира бірінші курс студенттеріне ПМПИ ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды. Аталған шара студенттерге оң әсер қалдырып, естен кетпес естеліктер сыйлады. Қысқа уақыт ішінде студенттер институт үшін маңызды тарихи сәттерден өтіп, шет тілдері кафедрасының қалыптасу тарихына үңілді.

Кештің қонақтары – кафедра тарихының танымал тұлғасы, шет тілдері кафедрасының тұңғыш меңгерушісі және шет тілдері факультетінің бірінші деканы Жармакин Олжабай Кайкенович; кафедраның құрылу бастауында тұрған Степанова Надежда Михайловна мен Алтайбаева Маржан Калеловна.

Мұғалімдер ешқашан қартаймайды – бұл сөз шынымен де рас. Әңгіме кезінде мұғалімдер еріксіз өткен жылдың естеліктерін еске алды, бірақ та мұң қуанышқа сол кездегі жас күлкіге ауысты. Олар көп білім берген, өсіп келе жатқан ұрпаққа әрі қарай білім беріп келе жатқан мұғалдімдердің мұғалімдері.

Іс-шара барысында қонаққа шақырылған қонақтардың әрқайсысы болашақ та мұғалімдерге өздерінің баға жетпес, құнды тәжірибелерімен бөлісті. Кештің кілтті ұраны – «Мұғалім мамандық емес, дарындылық». Кездесу жылы шырайлы өтіп, уақыттың қалай өткендігін студенттер де, мұғалімдер де байқаған жоқ. Аудитория бірде-бір сөзді ой елегінен өткізіп алмау үшін тыныштық күйге батты. Барлық маңызды сәттерді айту үшін бірнеше сағат аздық етті. Бірақ та барлық қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, сарқылмас даналықтың көзінен өздеріне жаңа білім ала алды.

Кездесу бастаушы және тәжірибелі педагогтардың орындауында «Ұстазым, менің ұстазым!» әнімен аяқталды.

">