Перейти к содержимому страницы.

« Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

23.02.2017

22 ақпан күні педагогика және спорт факультетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану» мамандығының 3 курс студенттері және п.ғ.к., доцент З.Ш.Шавалиеваның жетекшілігімен № 2 «Студенттер үйінде» «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты пікірталас өткізді. Пікірталастың мақсаты – қыз баланың бойына рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту. Іс-шара барысында отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар негізінде қыз балаға дұрыс бағыт пен кеңес беріліп, тәрбиелі қыз қандай болуы керектігі туралы мәселелер талқыланды. Пікірталасқа педагогика және спорт факультеті тәрбие бойынша декан орынбасары Ж.Ж. Сергазина, педагогика кафедрасының доценті Ж.Б.Байсетова, оқытушысы Б.Ф.Солтанбаева, ӘПжӨ -11, 11 қ, ӘПжӨ -21 тобының студенттері  қатысты.

">