Перейти к содержимому страницы.

Студенттік үйірмелердің жәрмеңкесі

14.09.2016

10-13 қыркүйек күндері ПМПИ-дің жастар саясаты және тәрбие жұмысы жөніндегі басқармасының қызметкерлері Студенттік үкіметтің белсенділерімен  бірлесе отырып, үйірмелер мен секциялардың жәрмеңкесін өткізді. Студенттерге жиырмадан астам үйірмелер мен секциялар ұсынылды: футбол, волейбол, бокс, президенттік көпжарыс, шейпинг, үстел тенисі, әйелдер күресі, хореографиялық студия, гитарада ойнау үйірмесі, шахмат, дебаттық үйірме.

Жастар ұйымдарының өкілдері үйірмелер туралы кеңінен әңгімелеп, жарнамалап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, түрлі секцияларға қатысуға шақырды. Жәрмеңке қатыстушыларына бұл шара ұнап, әркім өз жанына керегін алып қайтты.

">