Перейти к содержимому страницы.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев ПМПИ студенттерімен кездесті

11.04.2017

Жақында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша білім алатын студенттермен институттың «Жастар алаңы» коворкинг орталығында кездесу өткізді.

Кездесу барысында өңіріміздегі жастар бастамаларын дамыту және әлеуметтік қолдау көрсету төңірегіндегі мәселелер қарастырылды. Мейрам Бегентаев студент-жастармен өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісе отырып, қазіргі таңдағы мүмкіндіктер туралы сөз қозғап өтті. Студенттер өз ойларын ашық жеткізе отырып, қызықтырған сұрақтарына нақты жауаптар ала алды.

">