Перейти к содержимому страницы.

Елін сүйген ғалым еді

20.06.2017

Тілеукен Ахметұлы Еңсебаев (1947 - 2009) көрнекті ғалым, тәжірибелі ұстаз болуымен бірге барша Қазақстанға танымал шежіреші, өлкетанушы болды.

Осы жылдың 13 тамыз айында, ағамыз ортамызда болса,  70-жылдығын тойлайтын едік.  «Ғалымның хаты өлмейді» - дегендей, еліне зор еңбек істеп кеткен тұлғаның бейнесін мәңгілік есте қалдыру үшін, баспасөзде бұрын жарияланған еңбектерін жинастырып, арнайы серия ретінде шығаруды ПМПИ басшылығы жөн көріп, институт жоспарына жыл басынан еңгізіп қойды.  Құрметті қауым! Осындай  ізгілікті іске оқырмандарымыз қосылса, нұр үстіне нұр болар еді. Осы мәселе бойынша біздің Орталығымызға шілде айының 10 дейін хабарласуыңызға болады.