Get Adobe Flash player

blog

kzyarmarka

Сертификаты

Система Orphus

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қуаныш Ерғалиев облыс әкімі марапатына ие болды

 

Естай атындағы мәдениет сарайында Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне арналған тілдер айлығының қорытынды фестивалі өтті. «Тіл – достық құралы» деген атқа ие болған шара ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Фестивальге қатысушыларды Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Ә. Ғалымова облысымыздағы мәдениет пен өнердің дамуына зор үлес қосқан және тіл саясатын жүргізуде белсенділік танытқан бірқатар азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Олардың қатарында Павлодар мемлекеттік пелагогикалық институты қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ерғалиев Қуаныш Советұлы.  

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары мен студенттері кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Ерғалиев Қуаныш Советұлын облыс әкімі Б.Сағынтаевтың  марапатына ие болуымен шын жүректен құттықтайды. Қуаныш Советұлына мықты денсаулық, қажырлы қайрат, шығармашылық табыс тілейді.