Get Adobe Flash player

blog

yarmarka

Басты меню

Сертификаты

Система Orphus

Ең жақсы фотосурет байқауы

«География және экология» кафедрасы мен «Мұражай кешені» бірлесіп студенттер, магистранттар және жаратылыстану факультетінің қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған фотосуреттер байқауын жариялайды.

Байқау мақсаты — келесі тақырыптар бойынша ең жақсы фотосуреттерді іріктеу:

1.МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ (табиғат құбылыстары, пейзаждар, әдемі орындар);

2.СТУДЕНТТІК ӨМІР (далалық тәжірибе, оқу, бос уақыт);

3.БІЗДЕН КІШІ БАУЫРЛАСТАР (жануарлар әлемі).

Байқауға қатысу шарттары.

Байқауға ұсынылатын сұранысқа кіреді:

1.Басып шығарылған түрдегі фото, өлшемі 10см*15см.

2.Электронды нұсқадағы фото jpeg, jpg форматта

3.Әр қатысушы 5-тен көп емес фотосурет ұсына алады. Бірдей, бір типтес фотосуреттер қабылданбайды.

4.Қатысушының аты-жөні және фотосуреттің атауы берілген түсіндірмелі жазба.

5.Барлық байқау материалдары конвертке салынады. Конвертте қатысушы туралы келесі мәліметтер берілуі керек: аты-жөні, тегі, тобы, фотосурет саны.

Байқауды өткізу мерзімі.

Байқау материалдарын қабылдау 15 қарашадан басталып, 2011 ж. 5 желтоқсанында сағат 17.00-де ПМПИ мұражай кешенінде (бас ғимарат , 4 қабат) немесе география және экология кафедрасында (116 ауд.) аяқталады. Уақытынан кеш берілген байқау материалдары байқауға қатыспайды.

Бірінші тур –  іріктеу (2011 ж. 15 қарашадан 5 желтоқсан аралығы) география және экология кафедрасының қызметкерлері, мұражай кешенінің өкілдері және академиялық топтар кіретін эксперттік топпен жүргізіледі.

Екінші тур – интернет-дауыс беру ( 2011ж. 5-15 желтоқсан аралығы) «География және экология» кафедрасының интернет парағының фотоальбомында, «Ең жақсы фотосурет байқауы, 2011ж. желтоқсан» белгісімен.

Үшінші тур – қорытынды (2011 ж. 15-20 желтоқсан аралығы) факультет қызметкерлері кіретін эксперттік топпен шығарылады.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау 2011 ж. желтоқсан айының соңында өткізіледі. Жеңімпаздарды марапаттау уақыты байқау ұйымдастырушыларымен анықталады.

Техникалық тапсырма

Байқауға ӘУЕСҚОЙЛЫҚ ФОТОСУРЕТТЕР(!) жіберіледі.

Жақсы түсірілген және ерекше атауы бар фотосуреттер жеңіске жетудің үлкен мүмкіншіліктеріне ие болады.

Әзіл, ерекшелік, креатив, шеберлік – қолдау табады.

Фотоматериалмен жұмыс істеген кезде ең алдымен берілген тақырыптарға сәйкес келетін ерекше идеяларды көркем ұсыныстармен айқын, ықшам және түсінікті етіп көрсетуге ұмтылу

керек.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫ 50 ТЕҢГЕ!!!