Учебно-методическое управление
Оқу-әдістемелік басқарамасы
Білімі: Омбы мемлекеттік педагогикалық институтының география факультеті. Тәжірибесі: - Омбы облысында орта мектебінің география пәнінің мұғалімі; - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің экология, табиғаттану және география кафедрасының аға оқытушысы; - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану факультеті деканының орынбасары, қысқа мерзімдік оқыту факультеті деканының орынбасары; - Оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жоспарлау бөлімінің бастығы, оқу үдерісін ұйымдастыру департаментінің директоры, директор орныбасары. Жалпы ғылыми және педагогикалық өтілі – 17 жыл. Дарынды балалармен жұмыс атқарған үшін облыс әкімінің сыйақысымен марапатталған. 10 астам жария етілген шығармалары бар. 4 оқу құралы бар. Миссиясы: орта кәсіби, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын іске асыру жұмысының тиімділігін арттыру. Мақсаты: оқу үдерісін басқарудың әлемдік тәжірибесін байқау негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Оқу-әдістемелік басқармасының бастығы - Сейфулла Шай-Ахметұлы Смайлов. Оқу-әдістемелік басқарманың құрамы: оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жоспарлау бөлімі; қашықтан оқыту бөлімі; диспетчерлер бюросы. Қызметтері: білім қызметі нарығындағы және білім басқару саласындағы өзгерістерді, білім саласындағы жаңа үрдістерді байқау; жаңа білім технологиялары мен әдістемелереді жасау және оқу үдерісіне енгізу бойынша жұмысты үйлестіру; оқу үдерісін ұйымдастыруын реттейтін ішкі нормативті құжаттарды жасау; факультеттер мен кафедралардағы оқу және әдістемелік жұмысын ұйымдаструды, білім сапасын қамтамасыз етуді, лицензиялау мен аккредиттау талапнамаларын орындауды бақылау; жетілдіру бойынша нақты ұсыныспен білім үдерісінің нәтижелерін талдау; профессор-оқытушылар құрамы және оқу-көмекшілер персоналы штатының өзгерісін есептеу және реттеу; оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында ғылыми-әдістемелік кеңесінің, ғылыми-баспа орталығының жұмысына қатысу; басқарма қүзіретіне қатысты мәселелер бойынша жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшелерімен, білім басқармасы органдарымен әрекеттесу. Байланыс Мекенжайы: Павлодар қ., Мир көшесі, 60, 324- каб. Телефоны: 8 (7182) 65-16-11, 55-78-02. E-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек
|