Студенческое научное общество
Студенттердің ғылыми қоғамы туралы ЕРЕЖЕ Студенттердің ғылыми қоғамы туралы ЕРЕЖЕ1.Жалпы ереже
Студенттердің ғылыми қоғамы (бұдан әрі СҒҚ) Павлодар мемлекеттік педагогигалық институтының (бұдан әрі ПМПИ) құрылымдық бөлімі болып табылады және осы Ереже негізінде қызмет атқарады.
2.Мақсаттар мен міндеттер
ПМПИ СҒҚ мақсаты студент жастардың оқу қызығушылықтарын таныту үрдісіндегі, ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы және әлеуметтік саладағы әрекеттері, ғылымның әр саласында студенттердің білімдерін жетілдіру. СҒҚ-ның негізгі міндеттері: - Студенттердің оқу материалдарын терең және шығармашылық жағынан меңгеруі; - Ғылыми және техникалық тапсырмаларды өз бетінше шешу, әдістемесі мен құралдарын оқыту; - Студенттердің ғылыми таным әдістерін меңгеруі; - Студенттердің институт ішіндегі және институттан тыс, мәдени -қоғамдық өмірінде белсенділіктерін арттыру; - Студенттер конференциясын, семинарларын, дебатын өткізуге қатысу; - Қазақстан мен шетелдің студент жастарымен байланыс орнату; - Студенттерді қосымша материалдық ынталандыру жағдайларын жасауға көмектесу; - Студенттердің қызығушылығы мен қабілеттерін айқындау; - Іздену зерттеу қызметтерінің дағдысын қалыптастыру.
3.СҒҚ-ның негізгі құқықтары
СҒҚ құқылы: - өз өкілеттігі шегінде өз бетінше шешім қабылдауға; - қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалауға; - әртүрлі сыйлықтарға, стипендияға, грантқа және т.б. үміткерлерді ПМПИ Ғылыми кеңесіне ұсынуға құқылы.
4.Құрылым және СҒҚ-ны қалыптастыру
СҒҚ ПМПИ студенттерінен мына құрамда құрылады: төраға, төраға орынбасары, хатшы және СҒҚ мүшелері. СҒҚ мүшелерінің саны шектеулі емес.СҒҚ төрағасы, төраға орынбасары және хатшы ПМПИ ректорымен бекітіледі. СҒҚ мүшелерінің жеке құрамын СҒҚ төрағасы ұсынып, факультеттер декандары бекітеді.
5.СҒҚ-ның жұмыс тәртібі
СҒҚ жұмысы СҒҚ отырсында қарастырылған, ПМПИ ғылым департаментінің директорымен бекітілген оқу жылының жоспары бойынша жүзеге асады. СҒҚ отырысы үш айда кемі бір рет өтуі міндет. Отырысқа СҒҚ мүшелерінің 75%-ы қатысса ғана шешім қабылдауға құқықты. Шешім дауыс берушілердің көптігімен айқындалады. СҒҚ төрағасы жалпы ұйымдастыру жұмысын жүргізеді, және отырыстарды өткізеді, тапсырмалар береді, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалайды, СҒҚ жұмысының жариялылығы мен оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді, отырыстарда қоғам қызметінің қол жеткізген нәтижелері туралы баяндайды. Төраға орынбасары ұйымдастыру жұмысын және СҒҚ мүшелері міндеттерінің орындалуын есепке ала отырып, ағымдағы мәселелер бойынша жедел жұмыстарды жүргізеді, төраға болмаған кезде оның орнында уақытша қалады. Хатшы іс жүргізумен айналысады, отырыс хаттамасын толтыруы тиіс. СҒҚ мүшелері СҒҚ талқылауына енгізілген мәселелерді шешуге қатысады, өзіне жүктелген тапсырмаларды орындайды, СҒҚ шешімдеріне бағынады, келіспеген жағдайда СҒҚ басшылығына ақпарат беруі қажет.
6.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Студент жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу үрдісінің жалғасы мен тереңдігі болып табылады, ПМПИ кафедралары мен ғылыми бөлімдерінде ұйымдастырылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілікті профессорлар, оқытушылар мен Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері жүзеге асырады. СҒҚ-ның негізгі принциптері: - Студенттерді арнайы жалпы ғылыми дайындықтарының деңгейін ескере отырып, әртүрлі нысандағы шығармашылық әрекеттерге баулу, қызықтыру; - Студенттердің зерттеу жұмыстарына тапсырманың қиындығы және ғылыми ізденістер аумағының кеңеюі есебінен үздіксіз қатысуы; - Студенттердің бастамашылығы мен белсенділігіне тірек болу; Оқу үрдісіне енгізілген ғылыми-зерттеу жұмысы мынаны ескереді: - құрамында ғылыми-зерттеу элементтері бар тапсырмаларды, зертханалық жұмыстарды, курстық және дипломдық жобаларды орындау; - өндірістік және оқу практикасы кезінде ғылыми-зерттеулік сипаттағы бірүлгі емес нақты тапсырмаларды орындау; Студенттердің мемлекеттік бюджет немесе шаруашылық шарт тақырыптарын орындауға жеке тәртіпте қатысу нысанында, студенттердің сабақтан тыс уақытта ойдағыдай орындаған және оқу бағдарламалары талаптарына жауап беретін ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстары жаңадан әзірленетін зертханалық жұмыстарға енгізлуі мүмкін немесе жұмыстарды жаңарту кезінде қолданылуы мүмкін, сондай-ақ курстық және дипломдық жұмыстарда қолданыс табады.
7.СҒҚ-ны қаржыландыру
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысатын студенттер институт зертханасын, құрылғыларын, аспаптары мен құралдарын қолдана алады және қолданатын құрылғыларының сақталуы мен ұқыптылығы үшін жауапкершілікте болады. |
|
|