Ғылыми-зерттеу жұмысы
Экономика, құқық және философия кафедрасы ғылыми – зерттеу жұмысына академиктер, ғылым кандидаттары мен докторлар, аспиранттар, iзденушiлер және магистрлер қатысады.
Зерттеулер әр түрлі бiлiм салаларында жүргізілүде, экономика, құқық, саясаттану, философия, әлеуметтану және тағы басқа ғылымдар мәселелерін қамтиды.
Жұмыс тиімділігін жоғарлату және зерттеу нәтижелерін енгізу мақсатында кафедра секторында: «Ғаламдану шарттарында қоғамдық пәндерді оқыту үдерісіндегі дүниетанымды қалыптастыру» атты кафедраның ғылыми бағытын зерттеу, оқу-әдістемелік құралдарды, монографиялар, авторефераттар шығару жүргізіледі.
Кафедра ПОҚы халықаралық және республикалық конференциялар аясында түрлі бағыттағы ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Кафедра жылдар бойы білім беру саласындағы іргелі зерттеулер ұйымдастырады. Бұл зерттеулерге профессор т.ғ.д., Өтепова Г.Е.; профессор ф.ғ.к., Зағұпаров Қ.Ф.; профессор ф.ғ.к., Рогова Л.И.; доцент ф.ғ.к., Нығметжанов К.Г., доцент ә.ғ.к., Комаров О.Е. және т.б. ғылыми жетекшілік жүргізеді.
Кафедра 050115 «Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқу түрі бойынша кадрларды дайындайды.
Кафедрада соңғы жыл iшiнде екi монография, бес оқулық, оннан астам оқу-әдiстемелiк оқу құралдары және ғылыми мақалалар жарық көрді. Кафедра ПОҚ-ының әр түрлi бағыттағы конференциялар өткiзуге және «ПМПИ хабаршысы», ПЗК «Кәзіргі кездегі заң саясатты: мәселелері мен даму тенденциялары» мақалалар жариялауға мүмкiндігі бар.
2011 жылы 23 қыркүйегінде «Тәуелсіз Қазақстан: тарихы, бүгіні және болашағы» атты конференция института өті, сол конференцияның құрамында ЭқжФ кафедрасының «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы: әлеуметтік-экономикалық аспект» секциялық отырыс өткізілді.
2011 жылы қыркүйектің басында кафедраның аға оқытушысы Бейсенбаев А.К. РФФЗ бағдарламасы бойынша ТМУ, Томск қаласына іс-сапарға өтті, құркүйектің аяғында Алпысбай Н.А. және Ахметов А.С. ғылыми жұмыстарын М.Әуезов премиясына іздену үшін жіберілді.
Сонымен қатар кафедра студенттердiң ғылыми жұмыстарына белсендi қатысуын қолдайды. Кафедра қызметкерлерi институт ішіндегі жас ғалымдар кеңесіне кіреді. Кафедрада ғылыми студенттiк қоғам белсенді жұмыс iстейдi. Кафедрада әдiстемелiк және ғылыми семинарлар, пікір таластар, дөңгелек үстелдер, олимпиадалар өткізіледі және соның қорытындысы бойынша жұмыс жинақтары шығарылып, жыл сайын конференция өткізіледі.
Павлодар мемлекеттiк педагогикалық институттың «Экономика, құқық және философия» кафедрасы қызметкерлері мен студенттерi әр түрлi ғылым салаларындағы iздестiрулердi белсенді жалғастырады.
Тәрбие жұмысы
ЭҚжФ кафедрасында 050115 Экономика және құқық негіздері мамандығына сәйкес жеті топ білім алуда. Топ кураторлары ретінде келесі оқытушылар тағайындалды:
ҚжЭН -11 – Қазиева Н.Н.
ҚжЭН -21 – Қабжамитов О.Т.
ҚжЭН -22 - Алпыспай Н.;
ҚжЭН -31- Лухманова А.С.;
ҚжЭН -32 – Жетпісов С.Қ.;
ҚжЭН -41 – Несіпбаева А.Ж.;
ҚжЭН -42 – Ахметов А.С.;
2011 жылдың қыркүйегінде ҚжЭН-12 тобының студенттері «Білім күніне» арналған салтанатты жиынға қатысты. Барлық академиялық топтарда «Білім күніне» орай кураторлық сағаттар жүргізіліп, кураторлар мен студенттер өткізілген жазғы демалыс жайында әсерлерімен, алдынғы оқу жылына қойған міндеттер мен мақсаттарымен бөлісті.
«Білім күніне» арналған кураторлық сағаттарда кафедра оқытушылары мен студенттері «Отбасы, мектеп, қоғам – болашақ үшін бірлесіп әрекет ету» республикалық педагогикалық форум концепциясы белсенді талқыланды
3 қыркүйекте «Денсаулық күніне» орай ҚжЭН-12 тобының студенттері саяхатқа шықты. Барлық ұйымдастырылған ойын мен сайыстарға қатысып, белсенділік танытты.
1 курс студенттері арасында келесі тақырыптар бойынша кураторлық сағаттар жүргізілді: «Студенттердің құқықтары мен міндеттері», «Кредиттік технология бойынша оқыту», «Куратор, эдвайзер: құқықтары мен міндеттері». Топтарда оқу үлгерім мен тәртіп мәселелері бойынша әңгіме жүргізілді. ҚжЭН – 22 тобы қала күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысыр, орталық алаңында демонстрацияға шықты.
ҚжЭН-31 тобының студенттері Жақан Б, Чужаев А., Кенжегалин А., «Президенттік миля» іс-шарасында қатысып, 3 орынға ие болды.