Get Adobe Flash player

blog

Подразделения ПГПИ

kzyarmarka

Сертификаты

Система Orphus

Научные центры

Тарихы

 

Биоценология зертханасы биология бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1987 жылы құрылған паразитология және функционалды морфология зертханасының негізінде, 2006 жылы қыркүйек айында ашылды. 2007 жылдың қараша айынан биоценология зертханасы ғылыми-зерттеу орталығы деп аталды. 2009 жылы биоценология ғылыми-зерттеу орталығы мен жүйелік экологиялық зерттеулер ғылыми орталығы бірігіп, қазіргі уақытта биоценология және экологиялық зерттеу ғылыми орталығы ретінде жұмысын жасауда.

Орталық жұмысының негізгі бағыттары

 

- Экожүйелерде және агроценоздарда жылы қанды мен салқын қанды омыртқалылардың паразиттерін, олардың экологиялық ерекшеліктерін, экожүйеде паразиттердің өзара әсер етуін  және олардың қауымдастық құру заңдылықтарын кешенді зерттеу;
- Павлодар өңіріндегі доминантты қан сорғыш насекомдар түрлерінің фаунасы мен экологиясы, олардың санының реттелуі, олармен күресу шарасының қауіп-қатерін бағалау;
- Қазақстанның құрлықтағы моллюскалары (фаунасы, систематикасы, таралуы);
топыраққа, суға, биотопқа (өсімдік, жануар, адамның биосубстраты) техникалық әсер етуді бағалау;
- білім жүйесіне үздіксіз экологиялық білімді енгізу;
- далалық материалдарды жинау үшін экспедиция ұйымдастыру;
- табиғи мұраны сақтау мен табиғатты қорғау бойынша ұсыныстар жасау;
- «Қазақстанның биологиялық ғылымдары» атты жұрналға биологиялық және экологиялық тақырыптағы мақалаларды қабылдау;
- биологиялық және экологиялық бағытта ғылыми-әдістемелік семинарлар, конференциялар, мастер-класстар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, мұғалімдер мен оқушыларға кеңес беру;
биологиялық және экологиялық бағытта іргелі, қолданбалы ғылымдар бойынша шаруашылықты келісім шартты жобалар орындау;
- ғылыми және оқу-әдістемелік басылымдарды дайындау.

Ғылыми әдебиеттердің басылуы

Ғылыми орталық «Қазақстанның биологиялық ғылымдары» атты жұрналға мақалаларды жинақтап, редакциялайды. Қазақстанның түрлі аймақтарынан, сонымен қатар Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Латвия, Түркия, Франция, Германия елдерінің ғалымдары өз зерттеу нәтижелерін осы жұрнал беттеріне басып шығаруға мүмкіндік алып отыр. Бұл жұрналға биологиялық, экологиялық және медициналық бағыттағы мақалалар қабылданады.

Халықаралық байланыстар

Ғылыми орталық Қазақстанның, таяу және қиыр шетелдің білім және ғылым мекемелерінің ғылыми қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынас жасайды, бұл өз кезегінде зерттеу аясын кеңейтіп, ғылыми мәселелерді шешуде тәжірибе алмасуға айтарлықтай мүмкіндік береді. Ғылыми орталық келесі мекемелермен ынтымақтастық қарым-қатынаста: Қазақ ұлттық техникалық университет, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университеті, ҚР БҒМ зоология институты, «Қазақ Ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты» ЖШС  «ҚазАгроИнновация» АҚ, Н.П. Огарев атындағы Мордова мемлекеттік университеті (Ресей, Саранск қ.), Ресей ғылым Академиясының жануарлар систематикасы мен экологиясы институты, (Ресей, Новосібір қ.), Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей ғылым Академиясының А.Н. Северцов атындағы экология және эволюция мәселелері институты (Ресей, Мәскеу қ.), Ресей ғылым Академиясының жалпы және эксперименталды биология институты (Улан-Удэ қ.), Шығыс-Сібір мемлкеттік білім академиясы, (Иркутск қ.), Томск мемлекеттік университеті, Томск политехникалық университеті, РҒА Байкал мұражайы, Ф. Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университеті, Наманган инженерлік-экономикалық институты (Өзбекстан), Солтүстік Дакота университеті (АҚШ, Гранд-Форкс қ.), Мемлекеттік табиғат тарихы музейі (Германия, Гёрлиц қ.).

Байланыс

 

Мекенжайы: 140002, Павлодар қ., Мир көшесі, 60, бас оқу ғимараты, Биоценология және экологиялық зерттеу ҒО, 113 ауд.
Факс: 8 (7182) 324796, анықтама тел. 552931 (ішкі 263)
е-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

Тағы мақалалар...