Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Мамандық: 5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Академиялық дәрежесі: Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры
Білім беру траекториясы: шет тілі
Біліктілігі: Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Оқу мерзімі:
4 жыл – жалпы орта білім беру базасы негізінде (мектеп, лицей)
3 жыл – орта кәсіби білім беру базасы негізінде(колледж)
2 жыл – жоғары білім беру базасы негізінде (ЖОО)
Оқу түсу үшін қажет құжаттар:
жалпы орта білім беру базасы негізінде– 50 балдан жоғары ҰБТ/КТ сертификаты
орта кәсіби білім беру базасы негізінде (колледж) –мамандық бағытына сай 50 балдан жоғары КТ сертификаты
жоғары білім беру базасы негізінде – жоғары білім беру дипломы
Негізгі оқу пәндері: ҚҚТ фонетикасы, ҚҚТ лексикологиясы, ҚҚТ сөзжасамы мен морфологиясы, ҚҚТ синтаксисі, Қазақ халық ауыз әдебиеті, Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті, ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, Қазіргі қазақ әдебиеті, Салыстырмалы грамматика, Салғастырмалы грамматика т.б.
Практика: Оқу (тілтанымдық) практикасы, оқу (фольклорлық, диалектологиялық) практикасы, Үзіліссіз педпрактика, өндірістік (педагогикалық) практика
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау: мамандық бойынша емтихан, диплом жұмысы
Болашақ перспективасы: Мамандықты бітірген түлектер жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде кіші ғылыми қызметкер, аудармашы қызметтерін атқара алады, сондай-ақ олар «6М011700 – қазақ тілі мен әдебиеті», «6М012100 – қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «6М020500 – филология» мамандықтары бойынша магистратураға түсу мүмкіндігіне ие бола алады.