Сазгер, әнші Тұрсынғазы Рахимов бізде қонақта Печать E-mail
16.10.2009 06:11

      

 

Үстіміздегі жылдың 15 қазаны күні сазгер әрі әнші Тұрсынғазы Рахимов ПМПИ-де жоғары оқу орнының басшылығының арнайы шақыруымен ПМПИ-дің оқытушы, студенттерімен кездесу жасап, концерт қойды.

Сазгер еліміздің ұлттық мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азамат.

Тұрсынғазы Рахимов 80-ге жуық әннің авторы. Әндерінің көбі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөздерінде жазылған. Сондықтан біртуар ақын Мұқағали Мақатаев пен сазгер Тұрсынғазы Рахимов шығармашылық тығыз байланыста деуге болады. Сондай-ақ Қадыр-Мырза-Әли, Фариза Оңғарсынова секілді көптеген ақындардың өлеңдеріне ән жазып, оны нақышына келтіріп орындап жүрген танымал әншілердің бірі.

Кездесу соңынан ПМПИ проректоры, доцент С. Елікпай Тұрсынғазы Рахимовқа институт басшылығы атынан алғыс білдірді.

 
© 2009 ПМПИ. Барлық қүқықтар сақталды.
Joomla! — GNU/GPL лицензиясы бойынша еркін таратылатын бағдарламалық құрал.