Бiздiң студенттерiмiз «Үздік шебер орындау» номинациясында жеңіске жетті. Печать E-mail
12.11.2009 05:15

 

       ПМПИ-дің «Адажио» дуэті Жамбыл облысының 70 жылдық мерейтойына арналған III республикалық студенттiк «Келсеңші маған ән болып» ретро-фестивалінің «Үздік шебер орындау» номинациясында жеңіске жетті.

      Тараз мемлекеттiк педагогикалық институтында 2009 жылғы 4-5 қарашада өткен фестиваліне Астана, Алматы, Кызылорда, Шымкент, Қарағанды, Арқалық және Павлодар қалаларындағы iрi жоо-ларының студенттері қатысты.

       Жақында ғана құрылған ПМПИ-дің «Адажио» дуэтінің құрамында «Музыкалық бiлiм» мамандығының студенттерi Гүлмира Жұмабекова (4 - курс) және Айгүл Жұмағұлова (1 - курс) өлең айтады. Қыздар фестивальде «Елге сәлем» және «Ана туралы баллада» әндерiн айтып, қазылар алқасы мүшелерi мен тыңдаушыларды таң қалдырды.

      Бiздiң дуэтiмiз «Үздік шебер орындау» номинациясының дипломын, бағалы сыйлық пен жоо басшылығы атына алғыс хат алды.

 
© 2009 ПМПИ. Барлық қүқықтар сақталды.
Joomla! — GNU/GPL лицензиясы бойынша еркін таратылатын бағдарламалық құрал.