«Кітап. Заман. Қоғам» атты аймақаралық ғылыми-практикалық конференция Печать E-mail
18.11.2009 06:30
           Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Сіздерді 2009 жылдың 26 қараша күні өтетін «Кітап. Заман. Қоғам» атты аймақаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясының, Қазақстан халықтардың Ассамблеясының, Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының, мәдениет басқармасының, білім басқармасының, тілдерді дамыту басқармасының, балалардың құқықтарының қорғау басқармасының, біліктілікті арртыру институтының, Славян орталығының, Бұқар жырау әдебиет мұражайының өкілдері, Павлодар, Екібастұз қалаларының, Шарбақты, Баянауыл және Успен аудандары орталық кітапханаларын өкілдері, ақындар мен журналистер қатысады.

Конференция жұмысында мыналар жоспарланған:

  • пленарлық мәжілістің өткізуі,

  • 3 секцияның жұмысы,

  • «Әлеуметтік кітап оқу институттарының серіктестігі және ынтымақтастығы» тақырыбына дөңгелек үстел,

  • «Мәтінді түсінуге қалай үйретуге болады?» (БАИ әдіскері Л.В. Руколеева) және «Балалардың оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастырудың психологиялық негіздері» (ПМПИ колледжі, У.В. Комлева),

  • тақырыптық баяндамалар, кітапханалық жетістіктер көрмесі, кітапханалық жобаларды таныстыру, оқу кітапханаларының әдістемелік материалдарының конкурсы.

Конференцияға қатысуға 67 автор өтініш білдірді, олардың ішінде мектеп мұғалімдері және кітапханашылар, кітапханалар қызметкерлері, ЖОО мен колледждердің оқытушылары, магистранттар мен студенттер, жұртшылық өкілдері.

         Кітап оқудың қазіргі жағдайы жалпы оқу мәдениеттілігінің жүйелі дағдарысын көрсетеді. Секция жұмысында конференцияға қатысушылар мыналарды талқылайды: кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі – бұқаралық ақпарат құралдарының жаһандануы мен ойын-сауық индустриясының қарқынды дамуы себепші болған – жалпыәлемдік үрдіс, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологилардың оқудың мазмұны мен динамикасына, ерекшелігіне тигізетін әсері, үйрету технологиясы және түрлі әлеуметтік топтар мен әртүрлі жастағы оқырмандарды оқуға тарту, білім жүйесіндегі кітапханалардың «оқитын ұлтты» қалыптастырудағы рөлі, «Оқитын Қазақстан» ұлттық бағдарламасын жүзеге асырудағы кітапханалардың өзара қатынасы мен әлеуметтік әріптестігі.

        Кітапхана, баспа, кітап бизнесі кәсіпорындарының мамандары, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, мектептер мен ЖОО-лар, басқарма органдарының қызметкерлері, жазушылар, журналистер және басқа да қызығушылық танытқан адамдар жиналатын дөңгелек үстел басында мұғалімді балалар оқуының жетекшісі ретінде даярлау, сондай-ақ «кітапханашы» мамандығымен шектес педагогтерді шығару мүмкіндігі, оқуды қолдаудағы БАҚ-тың рөлі, Оқушы адамның позитивті бейнесін қалыптастыру, кітап шығару және тарату мәсемелері сөз болады.

        Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

 
© 2009 ПМПИ. Барлық қүқықтар сақталды.
Joomla! — GNU/GPL лицензиясы бойынша еркін таратылатын бағдарламалық құрал.