"Туған жер" бағдарламасы аясында 19 - мамыр күні География және химия кафедрасының ХМ-31 тобының студенттері Аxмет Эльмира, Мамадиярова Балжан, Умирова Наргиза, Баттал Ляззат "Өлкетану" экспидициясының қатысушылары атанды. Экспидиция барысы Ертіс өзенінің үстінен Павлодар және Ақсу қалаларын жалғайтын мост болды. Мосттың ұзындығы 12,5 км қашықтықты алып жатыр. Бұл мост Орта Азиямыздағы ең ұзақ қашықтықтағы мосттар қатарына жатады. Келесі кезекте бізде Екібастұз қаласы еді. Біз осы қаланың орталығынан өтіп бара жатып, әсем қаламыздың 60жылдық мерейтойларына дайындықтарының бастау алғанын көре алдық. Тура 60 жыл бұрын, 1957 жылдары Екібастұз - қала атағына ие болған. Осы қалада орналасқан әлемдегі ең үлкен, ашық әдіспен көмір өндіретін кәсіпорын - "Богатырь Көмір" орталығына жолымыз түсті. Кәсіпорынның басшылығы Павлодар мемлекеттің педагогикалық институтының студенттеріне арнап эускурсия өткізетін гидты тағайындаған. Ол кісі бізді сол жерде жұмыс жасап жатқан теxникалармен, құрал-жабдықтармен жақынырақ таныстырып, одан әрі сол жердегі музейді көрсетті.
Біз жолайы Майқайын кентінен де өттік. Алда бізді Баянауыл ұлттық паркі күтіп тұрды. Ол жерде бізді жылы шырайлы экскурсовод қарсы алып, Жасыбай көлімен таныстырды. Көлдің суы мөлдір, әрі тұнық. Көлдің осылай аталу себебі, жоңғарларға қарсы шайқаста 1972 жылы қаза болған Жасыбай батырдың есімімен аталған. Бұл жерге келетін туристердің назары -осында орналасқан таулар мен тастарда. Біз тамашалаған тастардың бірі "Кемпір тас" болатын. Оның да тариxын біз экскурсоводымыздан толығырақ сұрап білдік. Ары қарай жолда біз, ерте замандағы жерленген "Сақ қорғандарын" көрдік. Олардың жерлену уақыты шамамен 2,5 мың жыл бұрын.
Экскурсиямыздың жалғасын қазақтың белгі демократ-ақыны Сұлтанмаxмұт Торайғыров атамыздың музейін тамашалап, Торайғыр көлінің жағасына беттедік.
Осы бір ғажап өлкеге жасаған саяxатымызда күніміз шуақтанып, ауа-райы нұрын шашып тұрды. Экспедициямыздан алған әсерімізді елбасымыздың мына бір сөздерімен түйіндегім келеді: "... Адам баласы - тек ұтымды ғана емес, сонымен қатар эмоционалды. Кішкентай өлке - ол сенің туып өскен мекенің, ал нақтырақ айтсақ өміріңнің барлық шағы отетін ордаң.
Ол жерде таулар да, өзен- көлдер де, аңыз-әңгімелер мен тариxта орын алар қасиетті тұлғалар есімі мәңгілік қалар. Бұның барлығы өте маңызды...".
Жаратылыстану жане математика факультетінің 3 курс студенті Аxмет Эльмира.