«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының төртінші курс студенттері наурыздың 6-нан бастап сәүірдің 7 дейін өндірістік (педагогикалық) практиканы Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында өтті.
Балалар ауылында 2017 жылдың 15 наурыз күні тәжірибеден өтуші студенттері көңілді бастамалар өткізді. Балаларға алдын-ала ережесі мен талаптары жазылған сайыс ережесі таратылды. Әр үйден екі тәрбиеленуші қатысып, осылайша әр отбасыдан сұрыпталған топ құралды. Эстафетаның басында студенттер би флэшмобын өткізді, одан соң әділ қазы алқаларымен таныстырып негізгі тапсырмаларды айтып өтті. Сайыстың қорытындысында «Барыс» деп аталатын топ жеңіске жетіп, тәтті марапат пен мақтау қағазына ие болды.
2017 жылдың 18 наурыз күні үйлер бойынша ең үздік безендірілген үй мен мерекелік дастархан және де Наурыз көктем мерекесі аясында салт-дәстүрлерді көрсетуден жарыс болып өтті. Бір апта бойы тәрбиеленушілер ПМПИ студенттерімен қосыла жарысқа дайындалып, безендіруді ойластырып, қазақ халқының ұлттық тағамдары, салт-дәстүрімен танысты. Әр үй өздері суырып алған салт-дәстүрлерін көрсетті. Әділ қазы ретінде педагогикалық институттың «Педагогика және спорт» факультетітің, педагогика кафедрасының оқытушалары Г.И. Жұмажанова, Ж.Б. Байсеитова, Г.Б. Таженова болды. Қорытындысы бойынша бірінші орынды «Айгөлек» отбасы иеленді.
Мақала авторы
педагогика кафедрасынан практика жетекшісі
аға оқытушы Г.И. Жұмажанова