Қыркүйектің 22-ші жұлдызында «Зеленная роща» аумағында Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының Жаратылыстану факультетінен, География мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында «Бағдарлау» сайысы өтті. Оған ГМ-11, ГМ-12, ГМ-21, ГМ-31 және ГМ-41 топтарының студенттері белсене қатысты. Бұл сайыстың негізгі мақсаттары:
- дұрыс бағдарлау;
- белгіленген жерді анық және жылдам табу;
- жаңа жерге тез бейімделу;
- бағдарлай келе сол жер туралы толығырақ ақпарат жинау.
Бұл сайыстың негізгі шарттары және қойылған талаптары да студенттердің көңілінен шықты.
Мұндағы негізгі талап - әр түрлі ара қашықтықтағы жасырынған белгілерді іздеп табу керек болды. Ол үшін біздің студенттер 6 топқа бөлінді. Әр топтың құрамында 3 студенттен болды. Бір нүктеден екінші нүктені табу аралығында студенттердің жылдамдығын байқадық. Студенттердің негізгі құралы – компас болды. Компас арқылы олар солтүстікті бағдарлап, өздерінің дұрыс бағыттарын тауып, тез жылдамдықпен финишке жетіп отырды. Әрбір студент сайысқа үлкен талпыныспен қатыса отырып, өздерін басқа да қырынан көрсете білді. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Сайыстың соңында қатысқан топтардың барлығы марапатталды. Бұл сайыстан студенттер өздеріне көп білім жинап, өте жақсы көңіл-күймен қайтты. Табиғат аясында өткен бұл сайыс барлығының көңілінен шықты деп ойлаймын. Дәл осындай іс-шаралар көп болып тұрады деген үміттемін.