23-24 февраля студенты ПГПИ приняли участие в семинаре-тренинге «Идеи, меняющие мир», который проходил в Библиотеке Первого Президента в Астане.
В течение двух дней преподаватели астанинских вузов проводили лекции, тренинги, практические занятия, на которых студентам разъясняли основные пути реализации пяти институциональных реформ, предложенных главой государства Н.А. Назарбаевым. В ходе занятий студентам разъяснили принципы формирования государственного аппарата, закономерности экономического роста страны. По окончании семинара им были вручены сертификаты
Құбан Ақбота:
«Біз ПМПИ жастары «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингке қатысып келдік. Астана қаласында ашылған Елбасы кітапханасында болған бұл семинар-тренинг жалпы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамын түсіндіру мақсатында болып өтті. Түрлі білімді профессорлардың дәрісін тыңдап, өз елімнің алдындағы борышымды, яғни осы реформаны іске асыруда біздің үлесіміз өте жоғары екенін ұқтым. Ал кітапханаға келетін болсақ Елбасымыз кей кездерде келіп сонда жұмыс жасайтын, демалатын орын болып келеді. Норман Фостердің жобасы бойынша салынған бұл ғимаратта Н.Ә. Назарбаевтың 1960-шы жылдан бастап жинақтаған кітаптар қоры және жаңа мультимедиалық технологиялар, басқа елдерден достық мағынада сыйлыққа берілген заттар да бар. Тағы бір айта кететінім Ұлттық музейде, Астана Операда, Елбасымыздың музейінде болған саяхаттардан өте керемет әсер алдым. Білмегендерімді біліп, білімімді толықтырдым.Елімде басқаларға көрсете алатындай ғимараттардың бар екеніне бір мақтанып, марқайып қалдым!»